$ 443.35  475.54  4.82

Петропавлдағы өрт салдарынан 100-ден астам тұрғын баспанасыз қалды

Жарылыс ас бөлмесінен шықты. Ғимараттан 120 адам эвакуацияланды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Петропавлдағы жатақханада болған өрттен 100-ден аса тұрғын далада қалды. Өйткені олардың баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Төтенше жағдай мамандары газ боллоны жарылды деген болжамдарымен бөлісті. Демалыс күні бес қабатты жатақхана өртеніп, екі адам қаза болды. Ауруханада жатқандардың бірінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалауда.

 Өрт жатақхананың бірінші қабатында орналасқан дәмханалардың бірінен шыққан. 5 қабатты ғимарат газға қосылмағандықтан, кәсіпкер мұнда газ баллонын пайдаланыпты. Сағат күндізгі төрттер шамасында шыққан жалын, бірер минуттың ішінде бірінші және екінші қабаттардағы бөлмелерді шарпыған. Ал қалың түтін үйді орап алды.
 
 Жатақхананың бірінші қабатында дәмхана мен шаштараз орналасқан. Жарылыс ас бөлмесінен шықты. Ғимараттан 120 адам эвакуацияланды. Қаланың барлық күші осында жұмылдырылған. Жарылыстың салдарынан 21 жастағы әйел оқиға орнында бақилық болды. Тағы бір адам ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырды. Қалған жәбірленушілердің жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр.

 «Қалалық көпбейінді ауруханаға кеше 12 адам жеткізілді. Оның біреуі 24 жастағы ер азамат қайтыс болды. 20 жастағы қыз бала реанимацияда, жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Сондай-ақ, алты адам үйге амбулаторлық емделуге жіберілді. Қалғандары ауруханада жатыр. Орташа жастарын алғанда 20 мен 43 жас аралығында, ауруханаға жеткізілгендер», - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева. 

Өрттің кесірінен жүзден астам адам далада қалды. Жетпіске жуық тұрғын жақын маңайдағы мектеп пен университетке орналастырылды. Қалғандары туыстарының үйіне кеткен. Қазір билік өкілдері шығын көлемін есептеуде. Атқамінерлер оттан зардап шеккен отбасыларға өтемақы төлейтіндерін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары