$ 494.87  520.65  4.91

Google Translate мобильді қосымшасында қазақ тіліне қатысты жаңа функция пайда болды

Google Translate десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған.
Фото:elements.envato.com
Фото:elements.envato.com

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Google Translate мобильді қосымшасының 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартылған нұсқасында қазақ тіліндегі дыбыстауды аударуға мүмкіндік беретін жаңа функция бар. Бұл туралы App Store-дағы "қандай жаңалық" қосымшасы бөлімінде жазылған.

 

Google Translate десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған.

Google Translate-те қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару мүмкіндігі пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына демеуші есебінен қосу жоспарланып, оған төрт миллион теңге бөлді.

2014 жылғы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Google #функция