Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Google Translate мобильді қосымшасының 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартылған нұсқасында қазақ тіліндегі дыбыстауды аударуға мүмкіндік беретін жаңа функция бар. Бұл туралы App Store-дағы "қандай жаңалық" қосымшасы бөлімінде жазылған.
Google Translate десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған.
Google Translate-те қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару мүмкіндігі пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына демеуші есебінен қосу жоспарланып, оған төрт миллион теңге бөлді.
2014 жылғы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылды.