$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда мәйітхана директоры бюджеттен 4,5 миллион теңге жымқырған

Шенеунікке қатысты қылмыстық іс сотқа жеткен.

Алматы мәйітханасының директоры бюджеттің 4,5 миллион теңгесін мемлекеттік сатып алу арқылы жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тендер арқылы теңгені ұрлауға жол берген Қалалық патологиялық бюроның директоры Б.Д.Әлібековке қатысты тергеуді аяқтады. Б.Әлібеков көрсетілген ақшаны ұрлау мақсатында, заңмен белгіленген тыйымға қайшы әрекет ете отырып, «Veritas Primus» ЖШС құрған. Ол осы компания арқылы жоғарыда көрсетілген бюджет қаражатын жымқырған.

«Сондай-ақ, Б.Әлібеков Алматы қаласының жаңа Қалалық патологиялық анатомиялық бюросында медициналық техниканы жеткізуге қабылдау-тапсыру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Алматы қаласындағы кәсіпкерден 14 000 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Шенеунікке қатысты қылмыстық іс сотқа жеткен. Күдікті Бақытжан Әлібековтің кінәсінің дәрежесі туралы соңғы шешімді сот шығарады. Еске салсақ, «Қалалық патологиялық бюро» ШЖҚ КГП директоры Бақытжан Әлібеков 2020 жылыдң қазан айында ұсталып, екі айға қамауға алынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары