$ 448.15  483.46  4.86

ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелді күйеуі өлтірген

Кеше Сарыағаш ауданында тұратын 27 жастағы Нұрипа Құрбанованың жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Полицейлер оның денесін бүгін Келес өзенінен тапты. Туыстарының айтуынша, жас келіншекті өзінің күйеуі өлтірген көрінеді. Қазіргі таңда ол кінәсін мойындап, тергеу абақтысына жабылған деп жазады TVK телеарнасы.

Тәртіп сақшыларына арызды күйеуінің өзі жазған. Ол арызда Нұрипаның Шымкенттен тауар алып келу үшін таксиге отырып кеткенін көрсеткен. Содан кейін мүлдем хабарласпапты. Ер азаматтың сөзіне сенген полицейлер Сарыағаш ауданы мен Шымкентті 7 күн бойы іздеді. Ақыры қылмыстың беті ашылып, Нұрипаның өлі денесі Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінің түбінен табылған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, мәйіт жартылай өртенген. Су астынан сондай-ақ, әйелге тиесілі екі ұялы телефон мен алтын әшекейлер табылыпты.

Нұрипаның артында үш баласы қалды: он және төрт жасар ұлдары мен сегіз жасар қызы.

Айта кетейік, 27 жастағы келіншек 9 тамызда жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол күйеуімен жиі жанжалдасқан көрінеді. Ал, 10 тамыз күні күйеуі қайынәпкелерінің үйіне келіп, Нұрипаны іздеген сыңай танытқан. Артынша полицияға хабар беріпті. Марқұмның құрсағында 4 айлық шарана болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары