$ 494.87  520.65  4.91

Желіде Әйтеновтің «жем-шөптің» орысшасын білмей отырған ВИДЕОсы тарап жатыр

Былай қарасаң, тәуелсіз Қазақстанда қазақ шенеунігінің орысша сөйлей алмауы әбестік емес. Алайда, Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде біресе жарық өшіп, біресе орыс тілінен "сүріне" қалуы - барлық БАҚ-та "хит болудың" жалғыз амалы болса керек.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде электр жарығы өшіп қалған еді. Енді әлеуметтік желілерге оның жем-шөптің "орысшасын білмей қалғаны" тарап жатыр, деп жазды paryz.kz.

Орыс тілін жетік білетін әкім тұрғынның сұрағына жауап беру барысында мүдірместен сөйлеп келе жатады да, кенет сөзінің ортасын шолтаң еткізіп бір-ақ үзеді. Сосын сол жағындағы көмекшілеріне бұрылып:

"Жем... Жемді не дейді?.. Орысша..." - деп "сасқалақтайды".

Былай қарасаң, тәуелсіз Қазақстанда қазақ шенеунігінің орысша сөйлей алмауы әбестік емес. Алайда, Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде біресе жарық өшіп, біресе орыс тілінен "сүріне" қалуы - барлық БАҚ-та "хит болудың" жалғыз амалы болса керек. "Қиярға да пиар керек" дегендей, жем-шөп арқылы да атын шығаруға болатынын дәлелдегісі келген сияқты. Өйткені желі қолданушылар:

"Ол кісі Ресейде оқыған а так", "Жетісайдың мектебінде оқып, Шымкенттегі Суворовский мектепте білім алған", "Офицер ғой, военный" дегендей пікірлер қалдыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары