$ 448.15  483.46  4.86

Павлодарда ер адамнан таяқ жеген 13 жастағы қыздың анасы болған жайтты айтып берді (ВИДЕО)

Видеода ер адам мен жас қыз дүкеннен бір-бірін қуып, алқын-жұлқын шығады. Қашқан жасөспірім қызды ер адам өкшелей қуып жетіп, киімінен тартып жерге құлатады.

Павлодарда көшеде ер адамнан таяқ жеген 13 жастағы қыздың анасы отандық телеарналардың біріне бұл оқиғаға не түрткі болғанын айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Зардап шегушінің анасының айтуынша, ер адам оның қызын басқа қызбен шатастырып алған. Шындығында, дүкенде басталған жанжалға басқа қыздың қатысы бар көрінеді.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде 25 ақпанда ер адамның тапа-тал түсте көшеде жасөсіпірім қызды ұрған видеосы пайда болды. Видеода ер адам мен жас қыз дүкеннен бір-бірін қуып, алқын-жұлқын шығады. Қашқан жасөспірім қызды ер адам өкшелей қуып жетіп, киімінен тартып жерге құлатады.

"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде үш қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Әрине, ол қорғану мақсатында дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жанағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - деді зардап шегушінің анасы.

Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырсынып қалған. Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапқан. Алайда, ол кінәсін мойындаудан бас тартқан. Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелмек. Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары