$ 494.87  520.65  4.91

Қожа Ахмет Яссауи музейіне қатысты шу шықты

Материалдар да оларға тиесілі. Мекеме полицияға шағымданған.

Түркістан облысында жобалау-зерттеу ұйымы әкімдікке шағымданып отыр. Айтуларынша, алғашында шенеуніктер мекемемен келісімге келіп, артынша шартты бұзып, құны 80 млн теңге болатын конструкцияны қайтарудан бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz 31 арнасының "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жобалау-зерттеу ұйымының өкілдері Түркістанда салынуы керек Қожа Ахмет Яссауи музейінің концепциясын құрастыру тендерін жеңіп алғандарын айтады. Тендер өткізілгеннен кейін тіпті, жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Алайда кейіннен Түркістан әкімі сырт жақтан маман тартуды талап еткен. Бұған ұйымдағылар келіспегендіктен, келісімшартты қайтарып алыпты. 

"Олар біздің жобаны рұқсатсыз жалғастыруда. Айтып отырғанымыз, авторлық құқықтың қатаң түрде бұзылуы және біздің музейде тұрған мүлікті рұқсатсыз иемднуі. Біз мемлекетке, президентке жүгініп отырмыз, өйткені бұл мәселе бізге ғана қатысты емес", - дейді ұйымның бас директоры Константин Моряк. 

Сөзінше, полицейлер оқиғаға қатысты тергеу жүргізуден бас тарқан. Бұған қоса, ұйым музейдің қоршауына өз қалталарынан 80 млн теңге жұмсаған.

Дегенмен Түркістан әкімі айтылған мәселені жоққа шығарды. Сөзінше, тапсырыс беруші "Samruk Construction" мердігерді шақыртып, құрылысқа өздері ақша бөлген. Алайда жұмыс нәтижелері комиссияға ұнамағандықтан, оны бұзуға тура келіпті.  

"Базис-А" ұйымы жұмсаған қаражат - олардың өз қаржысы. Материалдар да оларға тиесілі. Мекеме полицияға шағымданған. Алайда іс азаматтық-құқықтық алаңда болғандықтан, іс қозғалмады", - деді Түркістан әкімі Рашид Аюпов. 

Ескерте кетейік, құрылысқа бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. Қала әкімдігі шағымданушы ұйымға сотқа жүгінуге кеңес берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары