$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстанның жеті облысында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада тұман күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі деп күтілуде. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанайда күндіз боран соғады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/ске жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде 35-38 градус қатты аяз күтіледі.

27-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

27 ақпанда түстен кейін Ақмола облысының батысында бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады.

Ақтөбеде күндіз бұрқасын, көктайғақ болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы