$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында ер адамның өлі денесі табылды

ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды.

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының маңында боран кезінде ер адам көз жұмды. Ол кеше түстен кейін боранға қарамастан қыстақтан шығып кеткен. Бүгін ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 ақпанда Шет ауданы Ақжал кентінің маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1961 жылы туған ер адам 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған.

«Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелерінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күштерінен тұратын іздестіру тобы іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 26 ақпанда сағат 17:15-те іздеу тобы қыстақтан 5 шақырым жерде жоғалып кеткен адамның денесін тапты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстың құтқарушылары ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден аулақ болуды, ауа райының өзгеруіне сәйкес киінуді ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары