$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда анасы мен төрт баласы газдан уланып ажал құшты (ФОТО)

Мәйіттерді жеке тұрғын үйден көршілері тауып алған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйден 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәлиге сілтеме жасап.

«27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйден көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алған. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», - деп нақтылады Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары