Жаңалықтар 27.02.2021 сағат 22:32

Алматыда ірі жол апаты болды

Жаяу жүргіншілер өткелінің алдында бірнеше адамды қағып кеткен.
Алматыда ірі жол апаты болды
Фото: Baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

№123 қалалық бағыттағы автобус Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Мәметова көшесінің жанында, белгісіз себептермен MEGA Park-қа бұрылып, алдымен Hyundai Accent автокөлігіне соғылған, деп хабарлады zakon.kz.

Осыдан кейін автобус қозғалысын жалғастырып, тротуарға шығып кетіп, ондағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдында бірнеше адамды қағып кеткен. Одан әрі автобус СОО тұрағына өтіп, шығып бара жатқан Volkswagen Polo автокөлігіне соғылған.

Автобус автотұрақтың бетон дуалына соғылып барып бірақ тоқтаған.

Көптеген адамдар зардап шекті. Жаяу жүргіншілер, автобус пен көлік жолаушылары. Жаяу жүргіншілердің бірінің жағдайы ауыр, - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар