Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйден 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәлиге сілтеме жасап.
«27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйден көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алған. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», - деп нақтылады Талғат Уәли.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады.