27.02.2021, 23:22

28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Жексенбі күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.

28 ақпан күні республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, осыған байланысты жауын – шашын күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан обылстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, көктайғақ жаяу бұрқасын соғады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасынмен жел 15-23 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Тегтер: ауа райы