28.02.2021, 10:18

Петропавлда анасынан оңбай таяқ жеген үш жасар қыз көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
Үш жасар Саша осы уақытқа дейін комада жатқан.

Петропавлда анасынан оңбай таяқ жеген үш жасар қыз аураханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті. 

Балақай 17 қаңтарда ессіз күйде ауруханаға жеткізілген. Үш жасар Саша осы уақытқа дейін комада жатқан. 27 ақпанда қыз есін жимаған күйі көз жұмған. 

Еске салайық, бұған дейін 22 жастағы келіншек өз баласын аяусыз сабаған деген күдікке ілнген. Қазір ол абақтыға қаалған. Тергеу амалдары "Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана нұқсан келтіру" бабы бойынша жүргізілуде.