Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден өтті.Бұл жайлы оның оның әріптесі Нәзира Дәрімбет желідегі парақшасында хабарлады.
Жазба авторының дерегіне сүйенсек, Қазис Тоғызбаев жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен. Ол тірі болғанда сәуір айында 73 жасқа толар еді.
Қазис Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық радиосы" сайтының мәліметінше, журналист ауруханадан шыққан соң, 5 күннен кейін қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.
Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен. Ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеген. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде де қызмет еткен.