$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жемқор қызметкерлерінің кесірінен 54 шенеунік жазаланды

10 әкім тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Фото: tengrinews. kz
Фото: tengrinews. kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткізген онлайн-брифингте қанша шенеуніктің отставкаға кетіп, тағы кімдердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы айтылды, деп хабарлады paryz.kz.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, олардың барлығы қоластындағылардың жемқорлығы үшін жауапкершілікке тартылған. Ведомствоның мәліметінше, қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жетекшілері жауап беретіні туралы заң нормасы енгізілгеннен бері 7 шенеунік қызметінен алынған. Сонымен қатар 10 әкім тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

"Соңғы жағдайларды алсақ, Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі Мұханбетжанов өзінің орынбасары Сабыровқа қатысты сот үкімін күтпестен отставкаға өтініш берді. Осы жылдың 12 ақпанында отставка қабылданды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы және алдын ала ескерту жұмыстарының әлсіздігінен 54 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары