$ 443.85  474.3  4.8

Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

2 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте ертең күндіз батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы