Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 1 наурызда жаңа қаулысы шықты. Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің - кемінде 60, жеке кәсіпкерліктегілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ жабық базарлар мен сауда үйлері жексенбі күні де ашық болады.
Мектептерде бұрын 1-5 сыныптарда кезекші топтар ғана оқыса, енді бәрі де дәстүрлі түрде білім ала алады. Тек бір сыныпта балалар саны 15-тен аспауы қажет. Сондай-ақ осы кезге дейін сабақтан тыс уақытта 5 баладан аспайтын топқа жеке оқытуға рұқсат берілсе, енді 15 балаға дейін көбейтілді.