$ 447.4  477.55  4.76

Танымал актер басшылық қызметке тағайындалды

Айта кетейік, Нұркен Әшімханұлы Өтеуіл 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында дүниеге келген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал актер әрі әнші Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

"Бүгін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Нұркен Әшімханұлы Өтеуіл 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты "Драма және кино актері" бөлімінде  ҚР халық әртісі Кәукен Кенжетаев пен Есім Сегізбаевтың шеберханасында білім алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары