$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Қазақстанда тағы бір бала өрттен қайтыс болды

Бала үйде жалғыз болған. Өтр шыққан кезде ата-анасы жұмыста еді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында өртте бір бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде баланың ата-анасы үйде болмаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Новороссийск ауылында бір баланың қайтыс болғанын хабарлады. Куәгерлердің сөзінше, екі пәтерлі үйде өрт шыққан.

"1 наурызда сағат 18:59-да Смирново кентінің 101 пультіне Новороссийск кентіндегі тұрғын үйден өрт шықты деген хабарлама келіп түсті. Келген кезде пәтерде бала бар екендігі анықталды. Бір қабатты ғимарат өртенген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Бала үйде жалғыз болған. Өтр шыққан кезде ата-анасы жұмыста еді.

Қабырға қамыс болғандықтан, оңай тұтанды. Өрт ас үйде болған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пеш себеп болған. Өрт салдарынан үйдің жартысы қирап қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары