$ 447.4  477.55  4.76

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, жеті адам қайтыс болды (ВИДЕО)

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны желіге жариялады.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Қостанай-Әулиекөл тас жолында жол апаты болып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  
Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны желіге жариялады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай-Әулиекөл тас жолының 69-шы шақырымы - Новонеженка және Лаврентьевка кенттері арасында жол апаты болды. Екі джиптің соқтығысқан.

Lexus автокөлігінде болғандар Қостанайдан Нұр-Сұлтан қаласына бара жатқан. Ал Mitsubishi Pajero жүргізушісі облыс орталығына қарай бет алған.

"Шақыртуға екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Апатқа қатысушылардың барлығы - жеті адам қаза болған. Lexus-тегі үш ер адам және Mitsubishi-дегі  ер адам және үш әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақаттары ауыр болған", - деп хабарлады Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнында облыстың полиция және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары