$ 494.87  520.65  4.91

Баспана кезегіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыға баспананы өтеусіз жекеменшікке аудару, бұдан бөлек, асырауға алынған бала қайтарылса, баланы баспана кезегіне қайта тұрғызу ұсынылды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Мүгедек балаларды тәрбилеп отырған отбасыларға баспана кезегінде пәтер алу басымдығы берілуі мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Депутаттар ұсынған бірқатар норма аясында тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі де қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыға баспананы өтеусіз жекеменшікке аудару, бұдан бөлек, асырауға алынған бала қайтарылса, баланы баспана кезегіне қайта тұрғызу ұсынылды", - деді Асылова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға баспана алу басымдығын беру жоспарланып отыр.

"Осы нормалардың барлығы жұмыс топтарында талқыланып, үкіметтің қарауына жіберілді. Қазіргі кезде барлық норманы құзіретті мемлекеттік органдар қарап жатыр", - деп атап өтті Асылова.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдар барлық ұсынысты қарап, өз сараптамасын береді. Соның негізінде дайын құжат қайтадан парламент мәжілісіне енгізіледі.

Айта кетейік, осы өзгерістер балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу аясында қолға алынып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары