04.03.2021, 00:55

Елбасының Михаил Горбачевке жазған хаты жарияланды (ФОТО)

Фото: sputnik. kz
Әлем тарихына едәуір әсер еткен үлкен өзгерістер сіздің есіміңізбен байланысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елбасының құттықтау хаты Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің желідегі парақшасында жарияланды.

Құттықтау хатта КСРО экс-президентінің мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені жазылған.

"Әлем тарихына едәуір әсер еткен үлкен өзгерістер сіздің есіміңізбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-қуатыңыз сарқылмаған күйде қарсы алып, қажетті қоғамдық, гуманитарлық және ағартуға қатысты жобаларды жүзеге асырып, жұмысты жалғастырып жатқаныңыз қуантады. Біздің достық әрі сенімді қарым-қатынасты жоғары бағалаймын", - делінген мәтінде.

Сондай-ақ Елбасы Горбачевке жазған хатында оған денсаулық, бақ-береке тілеген.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Горбачев 1931 жылы 2 наурызда Ставрополь өлкесінде туған. Ол 1978-1985 жылдары КОКП орталық комитетінің хатшысы, 1985-1991 жылдары комитеттің бас хатшысы болған.