04.03.2021, 10:20

COVID-19 пневмониясынан 5 адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзі
Жазылып шыққандардың саны 42957 жетті.

Сoronavirus2020.kz сайты 4 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«2.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 216 адам емделіп шықты» делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49418, 635 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42957 жетті.