$ 494.87  520.65  4.91

Желіде коронавирустың «гүлдер арқылы» жұғатыны жайлы ақпарат тарады

Барлық туыстарыңызға айтыңыз: коронавирустың таралуының жаңа түрі пайда болыпты, яғни гүлдер арқылы тарайды....
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

8 наурыз қарсаңында Интернетте әзіл-қалжың аралас ескерту жасаған видео жүр. Онда ролик авторы гүлдер арқылы коронавирус жұқтыру қаупі бары туралы айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Видео Instagram желісінде жарияланды.

"Жігіттер, бәріңе сәлем. Шұғыл хабарландыру! Жаңа ғана досыммен жүздестім. Ол денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Барлық туыстарыңызға айтыңыз: коронавирустың таралуының жаңа түрі пайда болыпты, яғни гүлдер арқылы тарайды. Мұны жеңіл-желпі қабыл алмаңыздар. 10 наурызға дейін сыйлық пен гүлдерден бас тарта тұрыңыз. Барлықтарыңызға мықты денсаулықтың тілеймін, өз өздеріңізге дұрыстап көңіл бөліңіздер. Ешкімге гүл сыйлаудың қажеті жоқ. Бұл шынымен де рас нәрсе", - дейді видео авторы.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми деректері бойынша, әрине бұл ақпарат жалған болып табылады.

"Комитеттегілер 10 наурызға дейін мереке күндері коронавирустың гүлдер арқылы берілуі мүмкін екенін, оны сыйлаудан бас тарту қажеттігі туралы мессенджерлер арқылы тараған аудио хабарламаға түсіністікпен қарап, оның қалжың екенін дұрыс пайымдайды. Алайда Комитет бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. Бүгінгі күні Интернетте жарияланған көптеген ақпарат әзіл мақсатында таратылады және оның баршаға қаупі жоқ. Осыған байланысты комитет әзіл-сықақ сипатындағы барлық хабарламаларға ресми түрде жауап беруді қажет деп таппайды", - деді аталған комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуындағы видео да Интернетте тарады.

Видеода ол коронавирустың гүлдер арқылы таралатынын, сондықтан оларға 10 наурызға дейін жақындауға, сатып алуға және иіскетуге тыйым салынғанын хабарлайды. Видео министрдің теледидардағы бір сұқбатынан кесіп алынып, дауысы редакцияланған.

Видеоның әзіл екені анық, бірақ кейбіреулер мұны шын көріп қалып та жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары