$ 444.32  473.33  4.76

Жақын арада Қазақстаннан Өзбекстанға рейс ашылады

Рейстер Б-737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2021 жылы 8 наурыздан бастап "SCAT" авиакомпаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рет рейс ашады, - деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"Рейстер Б-737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері болады. Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары