$ 494.87  520.65  4.91

Ер адам 12-қабаттың терезесінен құлаған екі жасар қызды қағып алды

БАҚ-тың хабарлауынша, нәресте жақын маңдағы ұлттық балалар ауруханасына жеткізілді, онда оған көмек берілді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Жеткізу қызметінің қызметкері Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлаған екі жасар қызды қағып алған, деп хабарлайды Stan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Көрші үйдің тұрғындары 2 жасар қыздың балконға өрмелеп, жоғары биіктікке көтерілгенін видеоға түсірген. Адамдар айқайлап, көмекке шақырды, бірақ бала құлап қалған.

Курьер Нгуен Нгок Ман осы сәтті пайдаланып, бірінші қабаттың күнқағарына көтеріліп, қолын созып тұра қалған.

"Мен көлікте отырдым және қарама-қарсы ғимараттағы клиенттім заттарын алып кетуін күтіп отырдым. Баланың жылағанын естіп, ата-анасы оны ұрып жатыр деп ойладым. Көп ойланған жоқпын, бірден қызым есіме түсті, осылайша, сәбиді құтқаруға тырыстым", - деді ол.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нәресте жақын маңдағы ұлттық балалар ауруханасына жеткізілді, онда оған көмек берілді. Осы уақытта жергілікті тұрғындар батыр деп таныған Нгуен Нгок Ман қолының сіңірлері тартылып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары