Жаңалықтар 07.03.2021 сағат 16:31

Қазақ қызы Қытайда «үздік студент» атанды

Қытайға алғаш келген пәкістандық жігіттің осындай марапатқа ие болып жатқанын көрген екен.
Қазақ қызы Қытайда «үздік студент» атанды
Фото: Baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысының тумасы Жаннұр Ниязбекова Қытайда үздік студент атанды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады, деп жазады baq.kz.

Жаннұр Ниязбекова 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол Қытайдағы Northwest A&F университетінде ветеринария мамандығы бойынша докторантурада оқиды. 

Осыдан 3 ай бұрын 17 желтоқсанда «Жаннұр қыздарыңыз Қытайдың Президенттік стипендия иегері» болды деп сүйінші сұрап едім. Енді міне бүгін екінші қуанышыммен де бөлісіп отырмын. «Қытайдың ең үздік студенті» иегері болдым.

Мұндай дәрежені алу Қытай студенттерінің өзге түгілі өзіне зорға бұйыратын дүние. Ол үлкен еңбекті қажет етеді, екінің бірі иелене алмайды, -деп жазды Жаннұр Ниязбекова.
Отандасымыз

Қытайға алғаш келген пәкістандық жігіттің осындай марапатқа ие болып жатқанын көрген екен. Содан кейін осындай дәрежеге жеткен алғашқы қазақ студенті атанамын деп өзіне мақсат қойған екен. 

Айтқанымдай жүлде мені күтіп, биыл бұйырыпты. Қалай тапсырдың деген сұраққа, осыдан 3 ай бұрын университетке хабарландыру келеді. «Қытайдың үздік студенті» жүлдесіне құжат қабылдау жүріп жатыр, үміткерлер болса қатысыңдар деген. Содан Чен деген мұғаліміміз: «Жаннұр сен де тапсыр, бағыңды сына, сен ұтасың өзіңе сен» деп маған құжаттарымды өткізуге итермеледі. Бір күнде жүгіріп бар қажеттіні жинап, онлайн түрде өтініш толтырдым.

Біздің университеттен барлығы жеті студент тапсырдық, ішінен бангладештік студент екеумізді Пекиннен оқу бөлімі таңдап алыпты, - дейді жерлесіміз. 

Жаннұрдың өзі «Қытайдың ең үздік студенті» атанғанын, Синьхуа агенттігімен бірге Шаньси өлкесіндегі шалғай ауылдан репортаж түсіргендерін растады.

Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» деген осы шығар. Бірді емес, миллардты жеңгенім менің ғана емес, қазағымның жеңісі деп білемін. Рақмет саған туған жерім, рақмет саған туған елім, рақмет саған Қазақ елім!, – деп тілегін жеткізді ол. 

Сонымен қатар ол келесі жылы докторлық диссертацияны қорғайтынын атап өтіп, бір жылдан кейін отанына оралатынын айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар