$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда шағын несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырауда шағын несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тонау дерегі 5 наурызда Атырау қаласында тіркелген.

«Күндізгі сағат сағат 10:45 шамасында «102» операторына Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан шағын несие кеңсесінің кассирі телефон соққан. Кассир медициналық

бетперде киген белгісіз азаматтың сағат 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлады. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол

уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары