$ 494.87  520.65  4.91

277 шетелдік азаматқа Атырау облысына кіруге тыйым салынды

Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Атырау облысына 25 759 адам келген.

Атырау облысы бойынша «Атырау – Астрахань РФ» мемлекеттік шекарасында «Құрманғазы» автоөткелі арқылы азаматтардың келуіне мониторинг күнделікті жүргізіліп келеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

 2021 жылдың 4 наурыз күні Атырау облысының аумағына «Құрманғазы» автоөткеліндегі мемлекеттік шекарадан 143 адам, оның ішінде 14 жолаушы және 129 халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер өткен.

Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Атырау облысына 25 759 адам, оның ішінде 3 707 жаяу жолаушы, 22 052 жүргізуші келген. ПТР анықтамасыз келген 277 шетел азаматтарына ел аумағына өтуіне тыйым салынған. Сонымен қатар, анықтамасыз келген 2 741 ҚР азаматтарына COVID-19-ға ПТР-тестілеу жүргізіліп, нәтижесінде COVID-19-дың шеттен әкелінген 9 жағдайы (6 жүргізуші, 3 жолаушы) анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары