08.03.2021, 10:30

Өткен тәулікте елімізде 653 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзі
Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 218 754-ке жетіп отыр.

Елімізде өткен тәулікте 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz. 

Аймақтар бойынша:  Нұр-Сұлтан қаласы - 42,  Алматы қаласы - 141,  Шымкент қаласы - 8,  Ақмола облысы - 68,  Ақтөбе облысы - 13,  Алматы облысы - 68,  Атырау облысы - 43,  Шығыс Қазақстан облысы - 21,  Жамбыл облысы - 15,  Батыс Қазақстан облысы - 34,  Қарағанды облысы - 38,  Қостанай облысы - 50,  Қызылорда облысы - 6,  Маңғыстау облысы - 2,  Павлодар облысы - 65,  Солтүстік Қазақстан облысы - 36,  Түркістан облысы - 3.  Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 218 754-ке жетіп отыр. 

2021 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша еліміздің ешбір өңірі "қызыл" аймақта жоқ. Дегенмен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облысытары "сары" аймақта тұр. Ал Қазақстанның басқа өңірлері "жасыл" аймақта.