$ 446.49  475.38  4.79

Қызылордада 14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

Ол ауруханада көз жұмды.
фото: paryz.kz
фото: paryz.kz

Ол ауруханада көз жұмды. 7 наурызда сағат 11:00 шамасында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды КТК жаңалықтары.

Онда облыс орталығының Сырдария өзені сол жағалауындағы бөлігінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыздың секіріп кеткені айтылған. Бұл оқиғажайлы Қызылорда қалалық полиция басқармасы пікір білдірді.  

"Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары