Ақтөбе облысына қарасты Алға қаласының 20 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің «Жалған шағым түсіру» бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.
Сот келіншекке зорланғаны туралы жалған шағым түсіргені үшін үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол өзін танысы зорлағанын айтып, шағымданған. Алайда полиция қызметкердері зорлау дерегінің болмағанын анықтаған.
«Сотталушының үш жасар қызы болуына байланысты, сот жаза мерзімін бес жылға шегерді», - делінген хабарламада.