$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда әйелдер құқығын қолдау мақсатында митинг өтті (ВИДЕО)

Полиция шерудің бүкіл бағыты бойынша тәртіпті қамтамасыз етті.

8 наурыз күні Алматыда әйелдер құқығын қолдау мақсатында митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Қатысушылар Махатма Ганди саябағына жиналып, Шоқан Уәлиханов алаңына дейін жаяу жүріп өтті. Шеруге жүзден астам адам қатысты. Олар қолдарына отбасылық зорлық-зомбылыққа, қудалауға және ерлермен тең емес жалақыға орай жазылған плакаттар ұстады.

«Біз қоғамымыздың әйелдерге деген көзқарасын өзгертуді қолдаймыз», - деді белсенділер.

Жергілікті билік келісім берген шеру митингімен аяқталды.

Полиция шерудің бүкіл бағыты бойынша тәртіпті қамтамасыз етті. Жақын жерде жедел жәрдем көлігі кезекшілік етті. Ал қатысушыларға антисептикалық құралдар берілді және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары