$ 447.4  477.55  4.76

2021 жылы Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша 103-орынға жайғасты

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті көрсетті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2021 жылдың қаңтарында мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлем елдері рейтингінде БАӘ бірінші орында тұр. Ал Қазақстан 103-орынға жайғасты, деп хабарлады Ranking.kz.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі интернеттің жылдамдығы секундына 183,03 мегабитті көрсетті. Сондай-ақ, ТОП-5 ел қатарына Оңтүстік Корея, Катар, Қытай және Сауд Арабиясы кірді.

Қазақстан бұл тізімде 103-ші орында тұр. Еліміз позициясын 3 қатарға жақсартты. Қазақстан өсім рейтингі бойынша ТОП-25 мемлекеттің қатарына енді. Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы бір жылда 6,6%-ке, секундына 20,15 мегабитке дейін өсті. Қазір Қазақстан мен Қырғызстан Орта Азия елдері арасында интернет жылдамдығы бойынша көшбасшы болып тұр.

Қазақстанда интернетке қолжетімді ұялы байланыс абоненттерінің саны 16 миллионға жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,8%-ке көп.

Республикада мобильді байланыс 2011 жылдан бастап дамып келеді. Ол кезде 3G қосылды. 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандартында қызмет көрсете бастады.  2019 жылы Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Тестілеу оң нәтиже көрсетті, сарапшылар Қазақстанның 5G технологиясын енгізуге дайын екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары