$ 494.87  520.65  4.91

Ауғанстан Қазақстанмен бірлесіп жемқорлықпен күреспекші

Дипломаттың айтуынша, Ауғанстан мен Қазақстанның сауда және инвестиция құю саласында үкіметтік деңгейде екіжақты қарым-қатынасты дамыта түсу әлеуеті басым.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ауғанстан елшілігі еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Бұл туралы Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Омар Азизуллах мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Қазақстанға шахта және пайдалы қазбаларды өндіру бойынша инвестиция ұсына аламыз. Осы орайда қазір халықаралық деңгейде келісімшарттар жасалып жатыр. Сіздердің сыбайласпен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде инвестиция бөлімі жұмыс істейді. Осы орайда ауған және қазақ бизнесмендеріне қатысты 37 мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуді ұсынбақпыз. Және жұмыс ашық түрде жүруі үшін сіздерге «электрондық үкіметті» қолдануға кеңес береміз. Сондай-ақ, екі елдің бизнесмендері үшін сенімді сауда қарым-қатынасын құру идеясы бар. Өйткені бүгінде ауғанстандық және қазақстандық бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіретін проблемалардың барын айта кету керек. Осы тұрғыда сіздердің агенттіктеріңізбен бірлесіп Ауғанстан мен Қазақстанның арасында әріптесттікті арттырып, инвестиция тартуда бірлесіп жұмыс істейтінімізге үміттенеміз- деді О. Азизуллах.

Дипломаттың айтуынша, Ауғанстан мен Қазақстанның сауда және инвестиция құю саласында үкіметтік деңгейде екіжақты қарым-қатынасты дамыта түсу әлеуеті басым.

Бұған дейін Ауғанстан Елшілігінің сенімді өкілі Омар Азизуллах Қазақстанда жемқорлықпен күрес бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмысқа қатысты өз ойымен бөліскен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары