$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев атындағы әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, 10 наурызда сағат 10-ға қарай Нұр-Сұлтан әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағының үйкеліс коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс кешіктірілді. Дәлірек айтсақ Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шығатын 6 рейс және Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін 10 рейс кешіктірілді. Толық ақпаратты әуежайдың анықтамасынан немесе әуекомпаниялардың байланыс орталықтарынан біле аласыздар", - делінген әуе айлағының сайтында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, 10 наурызда сағат 10-ға қарай Нұр-Сұлтан әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағының үйкеліс коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеді.

"Рейстерді орындаудың ең төменгі нормасы-0,35. Қазіргі уақытта реагентті пайдалана отырып, ҰҚЖ тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жолаушылардан өз рейстерінің мәртебесін авиакомпаниялардан нақтылауды сұраймыз. Азаматтық авиация комитеті мен авиакомпаниялардың жұмысындағы басты басымдық ұшу қауіпсіздігі болып табылады", - деп түсіндірді ведомствода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары