$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзенде жүздеген такси жүргізушілері наразылыққа шықты

Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі де, құзырлы органдар да әзірге сұхбат берген жоқ.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жаңаөзен қаласының тұрғындары әкімдіктің алдына жиналып, сұйытылған мұнай газының бағасын арзандатуды талап етті, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Олардың айтуынша, қалада газдың 1 литрі 60 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай бағаны жолаушы тасып, нәпақа тауып жүрген такси жүргізушілерінің қалтасы көтермейді.

Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі де, құзырлы органдар да әзірге сұхбат берген жоқ.

Сұйытылған газдың бағасы облыс бойынша қымбаттады. Ақтау қаласындағы бекеттерде 65-70 теңгеден сатылуда.  

"Килограммы 28 теңгеден шығады. Оны 35-45 теңгеден сатса не болады? Бәрібір жақсы пайда көреді. Не үшін 60 теңге болып кетті?", - дейді тұрғындар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары