$ 444.22  476.38  4.82

Ақтауға Қарақалпақстаннан бір күнде 490 адам келді

Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

7 наурызда Қарақалпақстанның 490 тұрғыны "Давид ота" шекара бекетінен Қазақстанның Ақтау қаласына жіберілді. Олар мұнда түрлі құрылыс алаңдарында жұмыс істейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Орталық Азияның жаңалықтары қызметіне сілтеме жасап. 

Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің 9 наурыздағы хабарына қарағанда, өзбектің еңбек мигранттары Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.

Биыл 25 ақпанда өзбек президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің еңбек қызметі туралы келісімін мақұлдады.

Құжатта еңбек мигранттарының ақысын төлеу, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, өтемақы мәселелері қарастырылған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары