11.03.2021, 18:20

12 наурыз күні ауа райы қандай болады?

Фото: ашық дереккөз
12-13 наурызда кей жерлерде тұман түседі.

"Қазгидромет" синоптиктері 12 наурыз күні ауа райы қандай болатынын болжады.

"Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде 30 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

12 наурыз күні түнде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман түседі. 13 наурызда оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді,  екпіні – 25 м/с.