11 наурыз сағат 13:10-да Аршалы ауданының Бұлақсай ауылында жылыту жүйесіндегі судың қайнауы нәтижесінде орта мектепте су қазандығы жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады Азаттық рухы.
Жарылыс салдарынан ауданы 7 шаршы метр қазандықтың бір қабырғасы құлады, қаза тапқандар болғандар жоқ.
Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, мектепте 114 оқушы оқиды және оқиға болған сәтте олар үйде, қашықтан оқытуда болған. Ақмола облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізуде.