$ 494.87  520.65  4.91

30 градусқа дейін аяз болады: бірнеше облыста ескерту жарияланды

12-13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендейді – 13-15-тен 25-30-ға дейін, кейде 22 градус аяз.
фото: ratel.kz
фото: ratel.kz

Синоптиктер ауа райының күрт бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындарына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» мекемесі. 

12 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

12 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. 

12 наурызда Қарағанды облысында түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 наурызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі 17-22 м/с дейін жетеді. 

12 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, жел күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

12 наурыз күні Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман түсуі ықтимал, түнде батыстан, солтүстік-батыстан тұрған жел 15-20-ға жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін барады.

12-13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендейді – 13-15-тен 25-30-ға дейін, кейде 22 градус аяз.

13-14 наурызда Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыс жақтан тұрған жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 0-5 градус суықтықты көрсетеді. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары