13.03.2021, 01:30

«Вакцинациядан соң вирус жұқтыру мүмкін бе?» - дәрігер жауабы

Фото: ашық дереккөзі
1 пайыз адам вакцинациядан соң ауырып қалуы мүмкін.

Спутник V» вакцинасы қаншалықты тиімді әрі одан соң вирусты қайта жұқтыру мүмкін бе? Осы және өзге де сауалдарға Орталық клиникалық аурухананың инфекциялық бақылау бойынша директоры орынбасарының міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өндірушілер таратқан ақпаратқа сәйкес, вакцинаның тиімділігі 99%. Алайда ондай ықтималдық бар. 1 пайыз адам вакцинациядан соң ауырып қалуы мүмкін. Алайда, ауру жеңіл өтеді», - деді Эльвира Ибрагимова.

Оның айтуынша, маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті шарт.

«Бұл инфекцияның жаңа екендігіне байланысты біз сіздерге профилактика ретінде міндетті түрде маска тағуды ұсынамыз»,- деді ол.

Мұның алдында ол Алматыда 1750 медицина қызметкері,

658 полиция қызметкері мен 310 мұғалім вакцина алғанын айтты.