Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өңір бойынша 4 жол жабық. Оның ішінде 2 республикалық, 2 облыстық маңыздағы жол. Сондай-ақ екі жолда көлік қозғалысы шектелген.
«Атап айтқанда, республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман Қайнары тасжолының 88-166 шақырымы (Октябрь кенті мен Алтай қаласының аралығы) және «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман Қайнары тасжолының 166-254 шақырымы (Алтай қаласы мен Үлкен Нарын ауылының аралығы) жабылған. Сондай-ақ облыстық маңыздағы «Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 88-145 шақырымында (Жоғары Тайынты ауылы мен Самар ауылына кіреберіс аралығы), «Алтай-Чапаево» тасжолының 0-37 шақырымында көлік қозғалысына тыйым салынған», - делінген хабарламада.