$ 484.11  528.79  5.03

Елордалық мекемеде түн ортасынан кейін 300-ге жуық адам көңіл көтерген

Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - "Достар" компьютерлік клубын, "Мэнсон" және "Жаным сол" караоке-клубтарын анықтады.

Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторингтік топтар елордада күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. 14 наурызда түнгі сағат 02.00-де белгіленген жұмыс режимін бұзған елордалық барлардың бірінде бір уақытта 300-ге жуық адам сауық құрды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың сол жағалауында орналасқан "Bla Bla Bar" карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау үшін "Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-ге жіберілді.
Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған "Zima" барының басшылығы да жауапқа тартылды.

Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені - "Достар" компьютерлік клубын, "Мэнсон" және "Жаным сол" караоке-клубтарын анықтады.

Сарыарқа ауданында "Тамшы" саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін "Қазығұрт" кафесі де, Байқоңыр ауданындағы “Mezzo караоке” залы да жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енді. Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары