$ 494.87  520.65  4.91

Алматы әкімдігі ата-аналарға үндеу жариялады

Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген.
Фото: aigak. kz
Фото: aigak. kz

Алматы қаласының Білім басқармасы ата-аналардың назарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Құрметті ата-аналар! КВИ жағдайларының тіркелуінің ұлғаюына байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген", —  делінген Білім басқармасы хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Алматыда коронавирусты жұқтырудың 361 жағдайы тіркелген. Қала «қызыл» аймақта.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары