$ 448.56  478.03  4.79

«Қызылорда «менттері» сендер полиция қызметкері деген атқа лайық емессіңдер!» - Айгүл Орынбек

"Ұрып сындырайын десе қолдарына түспей жатырмын, пара берейін десе ұстатып жіберетінімді біледі. Енді тек ар намысына тиіп мені Қызылордаға келтірмеудің амалын табу да!", - дейді заңгер.
Фото: instagram/aigulorynbek_
Фото: instagram/aigulorynbek_

Қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек бір айдан бері Қызылорда облысы тұрғындарының шағымын өзінің Facebook парақшасына салып, тиісті мекемелерден жауап алуда. Бұл жолы заңгер, Қызылордалық полицейлердің фейк аккаунттар ашып, өзінің ар намысына тиіп, балағат сөздер жазып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Сталиндік уақыт емес, құрметті Қызылорда "МЕНТТЕРІ"

Сендер тіпті полиция қызметкерлері деген сөзге лайық емессіңдер! Халықтың шағымын көтеріп жүрген соң, міндетті түрде кедергілерге жолығатынымды білемін.

"Сізді үйтіп жазыпты, бүйтіп жазыпты" - деп мені белгілеп, маған оны жіберудің қажеті жоқ! Менттер өздерінің менттіктерін істейді! Өздері қандай нас жолда жүріп, халықты қанап, ұрып соғып ақша тапса бәрі солай деген ұғым олардың саналарында қалыптасып кеткен. Көзі ашық азаматтық қоғам құрылу керек деп не үшін шырылдап жүрмін!

Осылар сияқты жемқор иттер халықты тобыр көрмесін, біз өркениетті дамыған елдер қатарына қосылуымыз керек деген оймен ғана!

Бір айдан асты Қызылорда облысының халқының шағымын көтерудемін. Заңдылығы үшін бүкіл басшының алдынан өттім. Жазып беріп кетіңіз қараймыз деген сөз естідім. Ал халықтың жазылған шағымы өздеріне тек ғана отписка болып келіп жатыр. Халықтың үні тыңдалмаған соң әлеуметтік желіге біртіндеп салуға тура келді.

Есі дұрыс полиция басшылары Қайрат ДәлбековEraly Zhumakhanbetov, көтерілген әрбір іспен жеке тоқталып жұмыс жасар еді.

Ал Қызылорда менттері фейк аккаунт ашып мен жайлы Сталиндік методпен ар намысыма тиіп белден төмен әңгіме жаза бастады. Бұндай стильдідегі әңгімені тек менттер ғана жазады!

Ұрып сындырайын десе қолдарына түспей жатырмын, пара берейін десе ұстатып жіберетінімді біледі. Енді тек ар намысына тиіп мені Қызылордаға келтірмеудің амалын табу!

Екі құлақтарыңды ашып естіп алыңдар Қызылорданың менттері!

Мен сауна, қонақ үй аралап жүрсем қазақтың батыр қызы Айгүлі болып жүрмес едім....

Сендердің Сталиндік методтарың өтпейді! Мен осы халықтың алдында өстім, әрбір жетістігіме, қайғыма осы халық куә! Қызылордаға барғаным барған!", - деді қоғам белсендісі.

Сонымен қатар ол, өзіне сенім артып келе жатқан жұртқа түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырды.

"Ал халыққа айтарым әділетсіздікпен, заңсыздықтармен күрескен соң мен жайлы неше түрлі жалған ақпараттар шығады! Әділдік жолында жүру оңай емес, бүгін саунаға апарып қойса, ертең негрмен жатқызып қоюы әбден мүмкін!

Ел алдын да жүрген соң, мен халықтың құқығын қорғауға көмек берсем, сіздер менің ар намысымды қорғауды үйреніңіздер!" - деді қоғам белсендісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары