$ 494.87  520.65  4.91

«Иди нах..»: Павлодарда кондуктор зейнеткерді автобустан қуып шықты (ВИДЕО)

Зейнеткер зейнетақы куәлігінің болмауына байланысты жол ақысын толық төлеуден бас тартқан.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Куәгерлер жолаушылар автобусында кондуктор мен жолаушының арасында болған жанжалды видеоға түсіріп алған. Ролик Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz. 

Автордың жазуынша, зейнеткерді автобустан шығарып жіберген.

"Бүгін №1 автобуста кондуктор зейнеткермен зейнетақы куәлігінің болмауына байланысты жол ақысын толық төлеуден бас тартқаны үшін төбелесті", - делінген видеоның жазбасында.

Кадрларда кондуктор әйелдің келесі бір әйелдің автобус салонына кіруіне мүмкіндік бермей жатқанын көруге болады. Сонымен бірге автобус қызметкерінің жолаушыға бейәдеп сөздер айтқаны естіледі.

Желідегілер кондуктордың іс-әрекетіне ашуланған. Қолданушылардың бірі дәл осы кондуктор жұмыс істейтін автобусқа мінгенін айтады. Оның сөзінше, кондуктор өзін өте дөрекі ұстаған. Сонымен қатар роликтің астында Павлодар әкімдігінің ресми парақшасы атынан пікір қалдырылған.

"Болған жайт үшін кешірім сұраймыз. Біз парк басшылығымен бірлесіп, аталған жағдайды шешеміз. Тасымалдаушы қызметкерлерінің мұндай әрекетіне жол берілмейді және кінәлілер жазаланады", - деп жазды ведомство өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары