Алматыда ауыр жүк көлігі екі адамды басып кетті. Оқиға бүгін таңертең сағат 9:30 шамасында Жетісу ауданына қарасты Бурундайская-Павлодарская көшелерінің қиылысында, аялдаманың қасында болды. Ауыр жүк көлігінің 36 жастағы жүрізушісі 11 жастағы оқушы мен 62 жастағы әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргіншілер бағдаршамға жақын жерден аялдамаға қарай өтпек болған.
«15.03.2021 сағат 9: 30-да 1985 жылы туған «Н» мемлекеттік номері 318WMB 05 «Вольво» жүк көлігімен Бурундайская көшесімен шығыс бағытта, Павлодарская көшесімен қиылыста, 1963 жылы туған «Ш» және «2010 жылы туған «С» атты екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алғандар №4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бірыңғай соталды тергеу ісі тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша тіркелді. Тергеуді Алматы қаласының Әкімшілік басқармасы жүргізуде», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.